«Қазақстанның даму кезеңдері»

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

Танымдық сабағы

 

Тақырыбы: «Қазақстанның даму кезеңдері»

 

                                    Сынып:  7  сыныптар арасында

                                                           Сынып жетекшісі: Жолуашина Г.Г.

    

2020-2021 оқу жылы

Күні: 03.01.2021 ж          Сыныбы: 7 сыныптар арасында         Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп:  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                         

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның даму кезеңдері.

Сабақтын мақсаты:

 

Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні  7 сыныптар арасында  ұйымдастырылып  отырған  «Қазақстан, Мәңгілік  жансын бағың!» атты  ашық   тәрбие  сағатына қош келдіңіздер.  2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев   Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда!Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.

1-оқушы:  Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 
2-оқушы:  Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 
3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. 
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге) 
4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 
5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! .
6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі  тәрбие сағатымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау болыңыздар!                

 

 

Үй тапсырмасы

2 мин.

Қазақстанның даму кезеңдері  тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.