"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Онлайн - ата-аналар жиналысы

13.11.2020

13 қараша күні Талапкер а. №3 орта мектебінде барлық сыныптарда Онлайн - ата-аналар жиналысы өткізілді. 1-4 сынып аралығында "Отбасында бала денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салты қағидалары", 5-8 сыныптар "Ата-ананың оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жауапкершіліктері" және 9-11 сыныптар ата-аналары арасында «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығын қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналыстары бекітілген күн тәртібі бойынша өткізілді. Ата-аналарға 1-тоқсан қорытындысы, отбасындағы бала денсаулығы (1-4 сынып),  ата-ананың оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен  жауапкершіліктері (5-8 сынып), мамандық таңдауға ықпал ететін  негізгі факторлар туралы (9-11 сынып) және қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары туралы нақты мәлімметтер берілді. ІІ тоқсандағы оқу процесінің ары қарай қашықтан жалғасатыны жайлы жан-жақты ақпараттар берілді. Сонымен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және карантин ережелерін қатаң сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Просмотров: 546


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст