"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«IQANAT» - БҰЛ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

12.10.2020

«IQANAT» - БҰЛ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ    ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

 «IQanat білім беру қоры» қоғамдық қоры  олимпиаданы қамқоршылардың қаржыларына өткізеді.  Олимпиаданың мақсаты: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру, оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Олимпиада ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізілді. Алайда, ақтық сынға 9 жылдық білімдерін сынақ кезінде дәлелдеп шыққандар өтеді. Олимпиадаға қатысушылар физика, математика және ағылшын тілінен сынақ тапсырады. Белгілі бір тақырыпта эссе жазады. Олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуде үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Білімді оқушылармен екі жыл көлемінде біліктілігі жоғары  ұстаздар жұмыс істейді. Түлектерді  ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайды. Айқанат байқауында топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі беріледі. IQanat олимпиадасы – еліміздің ауыл мектептерінің            9-сынып оқушылары үшін тегін олимпиада.

Аталмыш байқауға Талапкер ауылы №3 орта мектебінің оқушылары  қатысты. Мектебімізде  математика, физика, ағылшын тілі, эссе жазу бағыттарының бірін таңдаған оқушылардың ішінен ең көп балл жинаған жеңімпаздар анықталды. 

2018-2019 оқу жылының нәтижесі бойынша:

  • Уалиева Ақниет ағылшын тілі, Боранбекова Гүлназ эссе эрудит, Сахиев Бекзат физика пәні.  ІІ кезеңнің жеңімпаздарын  «IQanat» білім беру қоры «EduCon» ЖШС-мен бірлесе отырып, оқушылардың ҰБТ-ге жоғары деңгейде дайындалуына көмек көрсетеді.

2019-2020 оқу жылының нәтижесі бойынша:

  • Қабдолла Ержан республикалық  IQanat мектебіне оқуға қабылданды;
  • физика бағыты бойынша 1 кезеңнің жеңімпаздары: Кусайнова Айнұр, Өмірзақова Ақерке, Жасерік Сәкен, Сәкенқызы Аяужан, Нуербаева Диляра, Найзабек Нұрсұлтан, Қарабекова Гүлназ;  
  • эссе эрудит 1 кезеңнің жеңімпаздары: Тұрсыналы Аружан, Мұхамедрахим Дамира, Сагиева Оразгүл;
  • ағылшын тілі пәнінен 1 кезеңнің жеңімпаздары: Жоламан Мариям, Қуаныш Саида.

Талапкер ауылы №3 орта мектебінен 2020-2021 оқу жылында IQanat олимпиадасына қатысуға 30 оқушы өтініш білдірді. Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст