"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «12- сәуір ғарышкерлер күніне » арналған көрме ұйымдастырылды.

18.04.2023

Талапкер ауылы жалпы орта  білім беретін  мектеп кітапханасында  «12- сәуір  ғарышкерлер күніне » арналған көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының  және ғарышкер мерекесіне  орай Қеңес үкіметінің және Қазақ  еліндегі  тұңғыш  ғарышкерлер туралы мәлімет беру.

  Байқоңыр –ғарыш алаңы.Қызылорда  облысы Қармақшы  ауданының  орналасқан . Ііргесі 1955 жылы қаланған.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан  тұңғыш  ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Ең алғаш 1960 жылы 12-20 тамыз  аралығында  Белка мен Стрелка  атты иттер ғарышқа ұшырылды. Олар жерге аман  сау оралды.

1961 жылы 12 сәуірде «Восток»кемесімен тұңғыш рет  Совет Одағының  азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді.

 Қазақтың үш ғарышкері : Тоқтар Әубәкіров ,Талғат Мұсабаев ,Айдын Айымбетов.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш  алаңынан  «Союз ТМ -12» ғарыш кемесімен  ұшып , 'Мир/' орбиталдық  комплексіне де  өзге  ғарышкерлермен  бірге сегіз тәулік  бойы ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1991 жылдың 10 қазанында  ғарыш  кемесімен  жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі -7 күн  22 сағат 13 минут.

Талғат Мұсабаев -1994 жылы ғарышқа екінші  реет ұшқан  қазақ баласы.  Өзінің білімділігімен, іскерлігімен жолдастары арасында үлкен беделге  ие болған ол  1998 жылы қаңтардың 29 күні  Астана уақытымен 22 сағат33 минутта «Союз Тм-27»кемесінің  командирі ретінде  ғарышқа жол тартты.

        2015 жылы  2қыркүйекте 2-борт инженер  ретінде  транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18  саяхаты аясында  Байқоңыр  ғарыш станциясынан  Халықаралық ғарыш станциясына атанды.

Айдын Айымбетов  ғарышта он күн  болып,  маңызды зерттеулер  жүргізген  болатын. Ғарыш  кеңістігін игеруге  сіңірген  аса зор еңбегі , ғарышқа  ұшу  кезінде  көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан  Республикасының  ғарышкері  Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)  берілді.

Әр адам ғарышқа  саяхаттағысы  келеді. Әр адам ұшқысы келеді.Бірақ  ол үшін адам баласына  шыдамдылық   пен ақылдылық . ғарыш туралы көп мәліметтер керек.      

   

  • WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.26.31 (1).jpeg
  • WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.26.31 (1).jpeg
  • WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.26.31 (1).jpeg
  • WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.26.31 (1).jpeg
  • WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.26.31 (1).jpeg
  • WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.26.31 (1).jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.04.2023 20:26
Құрылған күні: 18.04.2023 20:40

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст