"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Көктемнің алғашқы мерекесі!

06.03.2018

Көктемнің алғашқы мерекесі!

№3 Талапкер орта мектебімізде көктемнің алғашқы мерекесі қарсанына мерекелік іс-шаралар өтті.8-10 сыныптар аралығында  “Қыз сыны” сайысы,   “Әжелер сайысы” ,жоғарғы сыныптар арасында “Ал қанекей қыздар ай” ,      “Менің анам алтын”, 7 сынып оқушылар арасында  “Қызыл раушан гүл” атты мерекелік кештер өтті.

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да,

өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небары үш-ақ әріптен құралған сөзде

қаншама мән-мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға

шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі

аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. «Анаңды үш рет

Меккеге арқалап апарсаңда ақ сүтін ақтай алмайсың» деген халық даналығы бұл

сөзімнің айғағы болмақ.

"Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды"

Ұйымдастырушылар директордың тәрбие

орынбасарлары: Хамзина Г.А., Асанова А.Б.

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст