"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапхана оқу залында 25 Қазан - Республика күні (Қазақстан еліне саяхат) атты ауызша журнал өтті.

22.10.2022

Тақырыбы: Қазақстан еліне саяхат

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.

Құрметті оқырмандар бүгін сіздердің назарларыңызға «Республикам менің» атты ауызша журнал өткізгелі отырмыз. Ауызша журнал деп - аты айтып тұрғандай, төрт беттен тұратын ұлттық мерекега арналған тақырып бойынша дайындалған тапсырмаларды көпшілікке жария ету.
Бүгінгі ауызша журнал 25 - қазан Республика күніне арналады.
     Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
      Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі Ахмет  Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.
          Қазақ поэзиясының хас шебері Қасым Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымыз өздерінің жүректерінен шыққан ойларын ақ қағаз бетіне түсірген екен. Кезекті осы ұландарға берейік.
Журналдың бірінші беті «Елім менің»деп аталады.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.

Журналымыздың келесі бетін ашайық. Ол «Еліміздің нышандары» деп аталады.
Ол мемлекетімізің Туы,,Елтаңбасы,,Әнұран.Ауызша сұрақ қою арқылы оқырмандар ойларын ортаға салды. журналдың келесі бетін «Еліміздің ұлы тұлғалары» деп атадық.

      Қазақстан тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев - достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етті, ғасыр куәсі болған тұлға. Қазіргі тұлғамыз сол кісінің орнын басып отырған ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев Соымен қатар әдебиеттерден оқыған ұлы тұлғаларын ортаға салды.Соның ішінде ұлы тұлға ақындардың ақына Абай Құнанбаев туралы оқырмандар көп әңгіме өрбітті.
 

Бүгінгі ауызша журналдың соңғы беті: «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.
(Оқырмандар  Қазақстан туралы өлең жолдарын оқу)

Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін .Оқуда озат, әрдайым алда болыңдар,Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!

       Қазақстан әрдайым Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,  Әнұранымен айбатты болғай! Соңында Қазақстанның ән ұранымен журналымыздың , соңғы бетін жабамыз.

         Соңында ұлттық мерекеде естелік ретінде суретке түсті.

  

 

  • WhatsApp Image 2022-10-22 at 10.47.35.jpeg
  • WhatsApp Image 2022-10-22 at 10.47.35.jpeg
  • WhatsApp Image 2022-10-22 at 10.47.35.jpeg
  • WhatsApp Image 2022-10-22 at 10.47.35.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 22.10.2022 11:10
Құрылған күні: 22.10.2022 12:00

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст