"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

06.01.2017

ТАНЫМЖОРЫҚТАН  АЛАНҒАН  ӘСЕР

Желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында  №3 Талапкер орта мектебінің үздік деп танылған қырық бес оқушысы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ашық есік күніне танымжорыққа  бардық. Сол бір күннен алған әсерім менің көңілімді бір жадыратып тастады. Назарбаев Зияткерлік мектебіне барғанымызда, сол мектепте оқитын оқушылар, білім беретін ұстаздар, мектеп басшысы бізді сондай бір жылы шыраймен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мектеп ішіне кіре бергенде менің көзім бірден елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мектеп оқушыларымен бірге түскен суретіне түсті. Сол суретке қарап тұрып: Шіркін, мен де осы мектепте білім алсам,- деген арманда қалдым. Алайда мен бұл мектепте оқымасам да, сол мектепті аралап, мектеппен толық танысуға мүмкіндік алғаныма қатты қуандым. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері танымжорыққа келген балаларды топ-топқа бөліп, әртүрлі интелектуалды ойындар ойнатып, тапсырмалар берді. Содан соң химия, математика, география сияқты кабинеттермен танысып, жылыжайда әртүрлі тәжірибелер жасап, оқушыларды таң-тамаша қалдырды. Жалпы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі маған қатты ұнады. Мектеп  толығымен жаңа технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Оның үстіне мектеп оқушылары мен ұстаздарының қарым-қатынастары, яғни тепе-теңдікті ұстаулары маған үлкен әсер калдырды. Танымжорық аяқталар сәтте мектеп ұжымы барлық қатысушы оқушыларға сыйлықтар табыстап, ескерткішке суретке түсірді. Сонымен қатар ең үздік деп танылған біздің мектептен екі оқушыға   «EXPO-2017 көрмесіне және Назарбаев Зиякерлік мектептерінің жазғы мектебіне қатысу» сертификаты берілді. Солардың бірі өзім болып танылғанымда қуаныштымын. Ауыл балаларының атынан осы іс-шараны ұйымдастырған мектептің ұжымына және басшысына үлкен алғысымды білдіремін.

                Талапкер ауылы. 8 «Б» сынып

оқушысы

Батырғали

Парасат

Просмотров: 948


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст