« Наурыз – жыл басы» атты мерекелік концерттік бағдарлама
Нұртуған: Армысыздар, ағайын!
Айзада: Қайырлы күн, құрметті ата -әжелер, қонақтар,ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Нұртуған: Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!
Айзада: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен
бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,
әнші құстарды сайратып,
Нұртуған: Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Мектеп директоры Сағымбала Хасенқызына құттықтау сөзін береміз.
Айзада:Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
Нұртуған: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!
Айзада: Қашанда құт – береке орнасын.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
(« !» )1 номер
Айзада:Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Нұртуған:Ендеше, Жаңа жыл жарылқа деген ниетпен Наурызкөжеден дәм татыңыздар! наурызкөже таратылады.
2 номер
Айзада:Наурыз мерекесінде халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары көрсетіліп,насихаттап отырған.
Нұртуған: Бүгін 10 «А» сынып оқушыларыңың қатысуымен жастардың дәстүр бойынша «Селт еткізер», «Діреткізер» деп аталатын салтын тамашалаңыздар.
Ұйқыашар - қазақ халқының салты. Той, мереке алдындағы түнде қыз-келіншектер, жігіттер ұйықтап қалмасын деп, жақсы тағамдардан ұйқыашар деген тамақ дайындайды. "Ұйқыашар" қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.
Айзада: «Селт еткізер» — «Ұйқыашар» дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады.
Нұртуған: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Айзада: Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық, Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
(Осы жерде 3 номер
Нұртуған: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың ұлттық ойындары туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Аламан Бәйге, Қыз қуу, Қазақша күрес тағы басқалар. Ал енді 10 «А» сынып жігіттерін «Қол күрес» ойынына шақырайық.
Айзада: « Қол күрес тек жігіттер емес, сонымен қатар қазақтың атқа мінер қыздары да білек сынысқан. Ортаға Жанна мен Мөлдірді шақырсақ.
Нұртуған: Ұлттық ойын «Бес тас», «Асық ату» балалар арасында кең тараған. Ортаға асық ойнайтын шебер ойыншыларды шақырайық
Айзада: Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
4 номер:
Айзада: Наурыз бата дегеніміз не ?
Нұртуған: Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата берген.
Ардақты аталарымыздан біз де сіздерден наурыз бата сұрайық!
Наурыз бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Айзада: Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Нүртуған: Алтын уақыттарыңызды бөліп. 10 «А» сыныбының тәрбие сағатын тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет айтамыз! Жылдан жылға,Наурыздан наурызға жете берейік!