"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

31.05.2017

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Меткебімізде 7-11 сынып оқушылары арасында  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жиын өтті. Іс-шараның тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Жиын барысында бір минуттық үнсіздік жарияланды.  Мектеп директоры С.Х.Абееваға сөз беріліп, Елбасы үндеуінде айтылған сөзбен бастады: «Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашанда біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз». 31 мамыр Қазақстан халқы ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні екендігін атап өтті. Жаппай саяси қуғын –сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелгендігі және сол кездегі рухы мықты қазақ халқының ұрпағы екендігімізді мақтан тұту керектігі айтылып. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп, ел болашағы-білімді ұрпақ қолында екендігі айтылып кетті.

Тарих пәні мұғалімі А.Т.Сейткарімова өз сөзінде: «Тәуелсіз Қазақстанда

алғаш қабылданған заңдардың бірі-1993 жылдың 14 сәуіріндегі «Жаппай

қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңы болды. 1997 жылы ҚР Президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

күні болып жарияланғандығы жайлы айтып өтті. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн

ерекше тарихи мәнге ие екендігі сөз болды. Барлық сынып оқушыларына бейнебаян көрсетілді. Оқушылардың бейнебаян көргенненкейінгі түйген ойлары сұралды. Қиындықты жеңудегі басты нәрсе шыдамдылық,бірлікте деп

жауап берді оқушылар. Сонымен қатар 10-11 сынып оқушылары арасында «Жазықсыз жапа шеккендер» атты дөңгелек стол өткізілді. Оқушылар өз ойларын

ортаға салып, сол кезедгі халықтың басынан өткен ауыр кезеңдердң жақсы суреттей

білді.  

Нақты дәлелдер келтірілді. Елімізде 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. 10 «А» сынып оқушы Дүйсенбаева Ақмарал өз ойын жақсы жеткізе білді. 9 «В» сынып оқушысы Арғынбаева Динара, 11 «А» сынып оқушысы Беғалы Фариза қуғын-сүргін құбандарына орай мәнерлеп өлең оқып берді.

Қазақ тарихында халқымызды есеңгіреткен екі дүркін оқиға бар. Біріншісі-Аңырақай шайқасы болса, екіншісі-жаппай саяси репрессия. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, ұлт болашағының алдағы уақытта жарқын болатынына сенеміз.

Просмотров: 732


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст