Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында тәрбие сағатын өткізу туралы ақпарат

Қараша айының 24-күні  2 «а» сыныбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, Елбасының портреті

Барысы:

ҚР әнұраны орындалады.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз.

Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасадық.