"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Қарттарым – асыл қазынам»

03.10.2017

6 «А» сыныбында «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру арқылы оларды ізгілікке, сүйіспеншілікке,

адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы құндылығының мәнін ашу. Іс-шара өту кезінде сынып бөлмесі талапқа сай безендіріліп, қарттар жайлы нақыл сөздер жазылып, арнайы слайд дайындалды. Іс-шараны сынып жетекші кіріспе сөзбен бастады. Одан соң

оқушыларға әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жайлы бірнеше сұрақтар берілді. Сұрақтарға оқушылар жан-жақтан таласа жауап берді. Адамгершілік, инабаттылық, сыпайылық, ізеттілік жайлы әңгіме өрбітті. Іс-шараға

он шақты ата-әже қатысып, өздері жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті. Өздерінің балалық шақтарына біраз сапар шегіп қайтты. Немерелері қойған сұрақтарға тағлымы мол жауап қайтарды.  Оқушылар бірнеше тәрбиелік маңызы зор көріністер қойды. Ата-әжелеріне арнап мәнерлеп өлең де оқыды, ойларын плакатқа түсіріп, бәйтерек бейнесін салып, ақ тілектерін жазды. Іс-шара барысы әнмен әрленіп, күймен көмкеріліп отырды. Сол жерде оқушыларға ата-әжелеріңе арналған «Қарғыс алма, алғыс ал» дегендей  қарттарға сый-құрмет көрсетіп, әрдайым көмек қолдарын созу керектігі әр оқушының, әр адамның парызы екені түсіндірілді. Сабақ соңында ата-әжелер оқушыларға, іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, «баталы ер арымас» дегендей ақ баталарын берді.

Просмотров: 755


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст