"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Саған сәлем мектебім,сәлем білім ордасы»

14.10.2017

№ 3 Талапкер орта мектебінде қазан айының 12 күні 1 сыныптар арасында тілашар  «Саған сәлем мектебім,сәлем білім ордасы» атты ертеңгілік болып өтті.

Мақсаты: Білім ордасы мектептің орныны түсіндіру, оқушы болғанның жауапкершілігін ұғындыру.

Мерекелік іс-шараны 1 «А » сынып жетекшісі Әлиева Мейрамкүл Смайылқызы әнұран орындаумен бастады.Мектеп директоры Абеева Сағынбала Хасенқызы  құттықтау сөзімен

ашты.Балғын балаларға білім баспалдағында сәттілік тілей отырып,сабақтарын тек жақсы оқуға,білімді,саналы азамат болуға шақырды.

Салтанатты мереке әр оқушының тақпақтарымен жалғасты.Патроиттық,ұстазға,мектепке арналған әндер шырқалды.Мың бұралған бишілер мереке көркін кіргізді. Қонаққа ертегілер елінен көңілді қасқыр мен томпақ аю балаларды тілашар тойларымен құттықтады.Мереке соңында балалармен би билеп ,балғындарды шаттыққа бөледі.

Просмотров: 925


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст