"Бала құқығы мен міндеттері" сынып жетекші: Алив Ж. 7Г сыныбы

 

Күні

 

 

 

 

26.10.2020

Тақырыбы

«Бала құқығы мен міндеттері».

Мақсаты

а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен  шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,  құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар бала құқығы туралы түсінеді

 

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары

 

Көрнекі құрал-жабдықтар

Презентация, сүреттер,  Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)

 

 

  • Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеу.

 

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Кіріспе сөз

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

1.Гимн орындалады. (сынып ұжымы)
Тренинг барысы:.
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтанәрбірадамныңзаңталабынабағынып жат қылықтар, өрескелтәртіпбұзушылыққабармауы, өзінежүктелгенміндеттіуақытылыорындаудыңөзінеліміздіңАтаЗаңын, халықтықұрметтеуідепбілуімізгеболады.
Конституция-елдіңбарлықережелеріжинақталғанмемлекеттіңнегізгіқұжаты. Сондықтан да біз оны АтаЗаңдепқұрметтейміз. Әрбірадамөзінің де, өзгеелдіңзаңынабағынуғаміндетті. Әрмемлекеттіңөзінетәнзаңы бар. Олай болмағандадүниеастаң-кестеңішығып, небіржантүршігерлікнәрселерболареді. Сан мыңдағанжылдарбұрынадамзатпайдаболды. Міне, соныменқатартүрлімәселелер де туындайбастады. «Адамдар не істеугеболады, не істейалады?» дегенсұрақтартуындайбастады. Міне, осы кездеәрелдіңзаңы, ережелерішығабастады.

Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 

 

«Ассоциативті қатар»

 

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Топтық жұмыс постер қорғау. Интернет желісін қолдана отырып, әр топқа берілген тапсырмаларды орындайды

1-топ «Ақиқат»  4-тарау «Бала және отбасы»

2-топ «Заңгерлер» 7-тарау «Бала және қоғам»

3-топ «Болашақ»  3-тарау «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері»

 

Қорытынды

 

 

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Рефлекция (5мин)

Бала мен отбасы туралы мақалдармен аяқтау