Талапкер ауылы №3 орта мектебінің 9 - сынып оқушыларымен «Денсаулыққа зиянды әдеттер» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының ақпараты
Талапкер ауылы №3 орта мектебінің 9 - сынып оқушыларымен «Денсаулыққа зиянды әдеттер» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының ақпараты
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға темекі, алкогольді өнімдер мен нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру.
2. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өз беттерімен ізденіс дағдыларын дамыту
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар темекі, алкогольді өнімдер мен нашақорлықтың денсаулыққа тигізер зияны жайлы біледі;
Оқушы бойында адамгершілік қасиеттер, жауапкершілік сезімдер қалыптасады;
Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанады.
Сабақ барысында сынып жетекшілер Байсеркеева Ж.Т. Сейткәрімова А.Т. Калиева А.К. Жаңғақова Ж. оқушыларға денсаулыққа зиянды әдеттер – темекі мен есірткі заттардың, алкогольді өнімдердің зияны жайлы жан-жақты мәліметтермен таныстырды. Оқушылар да өз ізденістері бойынша қосымша мағлұматтар дайындап, сыныптастарының назарын аударды. Сабақ арасында арнайы дайындалған видеороликтер мен презентациялар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақ соңында оқушылар денсаулыққа зиянды әдеттер бойынша сұрақтарға жауап беріп, көңілге түйгендерінортаға салып, пікірлерін қорытындылады.
9-сыныптардың сынып жетекшілері
