"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік!»

15.11.2017

Қараша айында Талапкер орта мектебінде   1,2-сыныптарында

«Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік!» атты сынып сағаты өтті.     

    Мақсаты:

     Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері, жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға , көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтау болды.  Сынып жетекшілер оқушыларға жол ережесі жайында түсініктеме берді. 

   Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды ,әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз  тәрбиелік шара өткізбекшіміз –деп  мұғалімдер қысқаша мәліметтер берді.

     Балалар жұмбақтар шешіп, бағдаршам және жол белгілері  туралы көрініс тамашалап, тақпақтар айтты. Қорытынды ретінде балаларға ескерту сұрақтары қойылды.

Есте сақтайық! Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол

апатынан сақтаймыз.

 

 

                           Камышева Ж.Ж.

                            Бастауыш сынып мұғалімі

Просмотров: 1154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст