"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шексіз» тақырыбында оқырмандармен тәрбиелік сағат өтті.

01.03.2023

Талапкер ауылы жалпы білім беретін  мектеп кітапханасында  1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шексіз» тақырыбында оқырмандармен  тәрбиелік сағат өтті.

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
   Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленді.  «Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын  Қазақстан халқы Ассамблеясының күні

Тақырыптың мақсатын түсіндіріріліп, оқырмандармен  Ризашылық дегеніміз не, Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер ?         
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? Сұрақ қою арқылы  оқырмандардың жауаптары тыңдалды.
   Сонымен түсінгеніміз: Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
  Сөз соңында тәрбиелек тақырыбымызды қортындылай келе:  Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.

Ең бірінші  біздің жақсы өмір сүру үшін елімізде тыныштық пен бейбітшілікті сақтап отырған  Отанымызға Рахмет.

 Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер : Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін,  жақын адамдарға әсіресе сендерді мәпелеп өсірген ата-анамызға, білім берген ұстаздарымызға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін, алғыс білдіруге тиістіміз. «Алғыс пен ел көгерер » деген мақал осындай тәрбиеден шыққан болар.

 

  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • 1 nauryz.jpeg
  • WhatsApp Image 2023-03-01 at 10.42.49.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.03.2023 16:00
Құрылған күні: 19.04.2023 22:00

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст