"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жолда жүру ережесі

15.11.2017

 

Жолда жүру ережесінің есебі.

 

№3 орта мектебінің 1 «А» сыныбында  қазан айы аралығында өткізілген іс-шаралар:

«Көшеn күтпеген жағдайларға толы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.

2.Өмірге деген көз –қарасын  дамыту.

3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.

Сұраққа жауап алу арқылы ойлау өрісін дамыту.

Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың  көшелерін білесіңдер?

Көшелер не үшін қажет?

Жаға жолда қалай жүру керек?

Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?

«Жаяулар өтетін жер» бар ма?

Сарамандық жұмыс

Оқушыларға нұсқа белгілерін көрсете отырып, жұмыс жасау.

Жолдан қалай өтетінін  көрсету.

Ойын  « Кім жылдам?»

«Практикалық сабақ (экскурсиялар, үстел үстіндегі ойындар)»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.

Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам макеті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр макеті, сюжетті суреттер,

автобус макеті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.

  Қазан айында «Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы» атты тәрбие сағаты өтті.

         Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жол ережесін білуге уйрету.

Қозғалыс жылдамдығы туралы түсінік беру. Ойын әдісі арқылы жол белгілерін, бағдаршамның белгілерін түсіп, білуге дағдыландыру. Жолда сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу.

1-4 сынып оқушылары арасында «Бағдаршам қонаққа шақырады» атты іс-шара өткізілді және бірінші қабатта теледидардан жол ережелерін сақтау туралы фильм көрсетілді.

1 сыныптарға интерактивті тақтада сюжетті-фильм көрсетіліп, жол ережесін сақтауға байланысты ережелер жазылған үгіт қағаздары таратылды.

Әр сыныпта  жол ережесіне байланысты буклеттер  мен папкалар жинақталған.

Просмотров: 1901


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст