"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мәншүк Мәметова атындағы сайыс нәтижесі

23.11.2017

Мәншүк Мәметова атындағы сайыс нәтижесі

Целиноград ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен қараша айында аудан көлемінде «Ұлы тұлғаның жеңіс жолындағы ерен еңбегі» атты Мәншүк Мәметова апамыздың 95 жылдығына арналған сайыс өткізілді.

Сайыс аймақтар бойынша іріктеу кезеңі мен ақтық кезеңнен тұрды. Арнайы бекітілген жоспар бойынша сайыс үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы, Мәншүк Мәметованың өмірі жайлы құрастырылған тест тапсырмалары берілді. Оны орындауға сайысқа қатысушы әр мектептен бір оқушыдан қатысты. Екінші бөлімде сайысқа қатысушы әр мектептен бір оқушы Мәншүк Мәметова туралы өз ой-толғамдарын қағаз бетіне түсіріп, эссе жазды. Байқаудың үшінші бөлімінде оқушылар Мәншүк Мәметова туралы көріністер көрсетіп, төрешілер тарапынан бағаланды. Сайыс соңында үш бөлім бойынша оқушылардың жұмысы қорытындыланып, үздік нәтиже көрсеткен мектеп оқушылары ақтық сайысқа жолдама алды. Ақтық сайыс осы шарттар негізінде өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды

Сайысқа біздің мектептің 10-сынып оқушылары белсенді ат салысты. Тест тапсырмаларын орындауда Бақыт Иүсіп өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Эссе жазуда Серікхан Жанбота, Карбаева Алтынайдың жұмыстары жоғары бағаға ие болды.

Көріністе Мәншүктің рөлін Арғынбаева Динара, Мәншүктің анасының рөлін Баянмөнх Назым, генералдың рөлін Иманбалин Оразхан, Мәншүктің достарының рөлін Жанболатов Әділет, Бердалиева Луиза және сарбаздарды соғыста аттандырарда бата берген Жамбыл Жабаевтың рөлін 11 «А» сынып оқушысы Азықанов Талғат өте жақсы сомдап,

актерлық шеберліктерін көрсете білді.

 96-разъездегі орта мектепте өткізілген сайыстың іріктеу кезеңінде оқушыларымыз өте жақсы өнер көрсетіп, ақтық сынға жолдама алды. 18-қараша күні №2 Қараөткел орта мектебінде өткен сайыстың ақтық сынына қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Атап айтар болсақ, Мәншүк Мәметованың анасының рөлін сомдаған 10 «А» сынып оқушысы Баянмөнх Назым «актерлік шеберлік» номинациясы бойынша жүлделі 1-орынға ие болды. Тест тапсырмаларын орындауда 10 «Ә» сынып оқушысы Бақыт Иүсіп 3-орын иегері атанды. Сонымен қатар, сайысқа белсенді қатысып, ақтық сында өте жақсы өнер көрсеткені үшін №3 Талапкер орта мектебі арнайы Мақтау грамотасымен марапатталды.

Ауданнан жоғары нәтижемен оралған оқушыларды мектебіміздің басшысы Сағымбала Хасенқызы дүйсенбілік саптық жиында арнайы құттықтап, мақтау грамоталарын тапсырды.

Оқушыларды дайындауда тарих пәні мұғалімі Сейткарімова Айымкүлдің ұйымдастыруымен тарих бірлестігінің мұғалімдері Жакудин Ғалымжан, Бекбергенова Лариса, Байманов Айбар жұмыс жасады.

Оқушыларымыз бен ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Алда биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз!

Тарих бірлестігі

Просмотров: 719


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст