"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Professional development program; 240 hours of intensiveEnglish course 6 hours of Subject Specific English

24.11.2017

      

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және

ағылшын тілін үйренеміз.

Үш тілде білім беруді  Қазақстан мектептері  егемендік алғаннан бері біртіндеп тәжірибеге енгізіп келеді. Ол қазақ түрік лицейі мен Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүзеге асуда. Нәтижесі керемет! Алтыншы сынып бітіретін оқушылар жапа-тармағай сол мектептерге түсуге талпынады. Неге? Әрине, болашағы зор болғандықтан. Ендеше сол мүмкіндік жалпыға білім беретін мектептер мен лицей, гимназияларға да туып тұр ғой. Иә, жұрттың дау туғызып жатқаны, бастауыштан бастап ағылшын тілін енгізу мәселесі болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр.

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст