"Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі." мұңалім Абдыманбекова Г.А. сыныбы: 7 "Ә"

Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-ақытты өмір  негізі

Құндылық: Ішкі тыныштық, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ақиқат.

Қасиеттер: Мейірімділік, сыйластық, қамқорлық,парасттылық,жомарттық, саналылық,ізденімпаздылық,шыншылдық, адамгершілік.

 

Сабақ мақсаты:

  • Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» сияқты жалпыадамзаттық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • Мейірімділіктің пен қайырымдылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту
  • Адамгершілікке тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

   «Қайырымдылықты әжемнен үйрендім» атты әңгіме, оқулық, дәптер, аудиокассета

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.              (2 мин)

Түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Амандасу.

Қыс келгенде құлпырады әлем – Сәлем!

Нұрын төккен көктегі күнге – Сәлем!

Сәлем беру ата-салтымыз бәрімізге – Сәлем!

Қасымдағы досыма мен айтамын – Сәлем!

 

2.Тыныштық сәтi.                   (3 мин)

«Мейірімділік» (Аудиожазба)

- Баллар осы мейрімділік деген не? ....................

 

Жаңа тақырыпты хабарлау (2 мин)

Жақсы олай болса баллар біздің бүгінгі тақырып

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-ақытты өмір  негізі»

Енді еске түсіре кетейік. - Әр сабақта бізге кездесетін құндылықтар олар.....(Оқушылар атайды.)

Сабағымыздың мақсаты :

- «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерінді дамыта түсу.

-Балалар біз бүгінгі сабақта кішкене зерттеу жұмысымен айналысамыз бүгінгі сабақта туындаған сұрақ.

- «Осындай қасиеттердің  адам өмірінде  маңызы бар ма?»

Сабақ барысын талқылау:

Дұрыс әрекет

Амандасу

 

 

 

 

 

Ішкі тыныштық

Тыныштық сәті

 

 

 

 

Дұрыс әрекет

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

 

 

3.Дәйексөз.            (5 мин)«Мейірімділікті анадан үйрен»

 

  • Қалай түсінесіңдер?
  • Неге анадан үйрен деп тұр?

Сергіту сәті .

Сүйіспенші-лік Дәйексөз

 

Сергіту сәті

4.Әңгiмелеу, Мұғалім сыйы        (5 мин)

   «Қайырымдылықты әжемнен үйрендім»

  • Сонымен біз қай елді мекенге жеттік деп ойлайсыңдар?
  • Оны қайдан білдіңдер?
  • Неге әңгіме «Мен қайырымдылықты әжемнен үйрендім »деп аталған?

Видео. « Дельфиннің қайырымдылығы.» «Досының «қайырымдылығы»

Ақиқат

Топтық әңгімелеу

 

5.Шығармашылық жұмыс            (7 мин)

Тапсырма бойынша оқушылар постермен жұмыс жасайды. Топ ережесін еске түсіру « 5 Т»

1 топ. «Адамгершілік» кестесін толтырады. Мұндағы бірінші бағанға – қайырымды істерді, екінші бағанға – жақсы адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасайды.

2 топ. Түсіп қалған сөзді орнына қояды.

3 топ. Суреттегі мейірімді істерді атап айтады.

4 топ. «Мейірімді бала» кластер құру.

Топ арасында бағалау жүргізу.

Дұрыс әрекетПостермен жұмыс

6. Рефлексия« Мейірімді жүрек»

Сұраққа жауап беру «Мейірімділіктің адам өмірінде  маңызы бар ма?»

Ақиқат

Үй тапсырмасы

Кері байланыс алу

7.Соңғы тыныштық сәтi.            (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:                              

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.  Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Ішкі тыныштық.

Тыныштық сәті.