"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жолың болсын, Ерқанат!

07.12.2017

Жолың болсын, Ерқанат!

  Целиноград ауданы Талапкер орта мектебінде дарынды оқушылар көптеп саналады. Олар барлық іс-шараларға белсене қатысады.Солардың бірі Республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген 4 «В» сыныбының үздік оқушысы Әубәкір Ерқанат Қуанышұлы.

Астана қаласында өткен «Ментальді арифметика» математикалық тез есептеу сайысында І-ІІ орындар алып, грамота,медаль,кубокқа ие болды. Өз қатарластарынан оза шауып  желтоқсан айында Шығыс елінің Малайзия мемлекетіне «Ментальді арифметика» бойынша халықаралық олимпиадаға өз бағын сынауға аттанды. Ел намысын арқалап бара жатқан Ерқанатқа, жүлделі орынға ие болып, мектебіміздің дәрежесін көтереді деген сенім білдіремін!

 

Сәттілік серік болсын!Ақ жол саған,Ерқанат!

 

Сынып жетекшісі: Файзуллина Г.М.

Просмотров: 570


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст