"Отбасы тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы" 5 ә сынып Какенова Ш. Ч
Сынып: 5 «Ә»
Сынып жетекшісі: Какенова Ш.Ч.
Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы
Күні: 25.10.2019
Мақсаты: 1. Отбасы тірбие мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдау, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығын, оның патриоттық көзқарасы.
2. Адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Түрі: пікірталас, сайыс сабақ
Көрнекіліктері:отбасы, тәрбие туралы нақыл сөздер, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Топқа бөлу, әр топ өздерін таныстырады
ІІІ.«Білімдіге дүние жарық»
IV. «Менің Отбасым»
V. «Тығырықтан шығу»
VI. «Тіл өнері»
VІІ.Пікір талас
VІІІ. «Сәлем-сөздің анасы»
ІХ.Қортынды.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аударту.
Сабақ барысы
Тәрбие сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп алайық.
Сөзжұмбақ.
- Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға тартпай,
Қоймайды құрттай.
- Мемлекеттік рәміздің бірі.
- Еңбек құралы.
- Ең жақын адам.
- Уақыт өлшемі.
- Ырыс алды - ....
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сөзжұмбағымыздан Отбасы деген сөз шықты яғни, бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы туралы болмақ.
Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан - жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - ата - ананың міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді. Алдымен 2 топқа бөліп аламыз.
І бөлім Таныстыру.«Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы» тобы.
- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді. Топ басшылары топ мүшелерінің атын еркелетіп айтып таныстырасыздар.Ойын әрі қарай жалғаса береді.
Керемет! Яғни өз есімдеріңізді еркелетіп айтқанда көңіл –күйлеріңіз бір серпіліп қалды деп ойлаймын.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық»деп аталады. Мұнда топтың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
І топ
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
ІІ топ
1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
2. 18жасқа толмаған адам ( бала)
3. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)
4. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы ( достық)
5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
Келесі ІІI бөлім «Менің Отбасым» сурет салу, фото суреттерін қорғау байқауы.
Екі топ суреттерін қорғайды.
Келесі ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
5. Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
Келесі бөліміміз V бөлім «Тіл өнері»мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.
1. Атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. Ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
VІ бөлім Пікір талас
Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?
І топ: дұрыс емес
ІІ топ: дұрыс
VІІ бөлім «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады.
Тәрбие туралы нақыл сөздер сайысы.
VІІІ бөлім Қортынды.
Өркен
Ата-ана алдындағы әдептілік-баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-анасын сыйлау,елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
Т. Аружан
Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек.
Алуа
Адам жемісін, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашынжақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, арманың орындалады.
Арлан
Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата-аналарың олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Елдос
Ата-ананың қадірін білмеген, халқының қадірін білмейді.
Мират
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана-жарық дүние әкелуші.
Алижан
О, Ата-анам
Таянышым тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!
Қ. Аружан
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейіріміңнен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан
Екеуінің қуанышы тілігі
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Қорыту.
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.
Өркен
Ата-ана алдындағы әдептілік-баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-анасын сыйлау,елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
Т. Аружан
Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек.
Алуа
Адам жемісін, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашынжақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, арманың орындалады.
Арлан
Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата-аналарың олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Елдос
Ата-ананың қадірін білмеген, халқының қадірін білмейді.
Мират
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана-жарық дүние әкелуші.
Алижан
О, Ата-анам
Таянышым тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!
Қ. Аружан
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейіріміңнен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан
Екеуінің қуанышы тілігі
Әрқашанда бір арнадан табылған.