"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Қайсар рухты Қайрат»

22.12.2017

№3 Талапкер орта мектебінің   кітапхана оқырмандар залында   2017 жыл 15- желтоқсан  күні Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік 

күніне  орай  1986 жылғы  желтоқсан  оқиғасында жастайынан қыршын еткен  Қайрат  Рысқұлбековтың өмірі туралы  «Қайсар рухты Қайрат»  атты   көрініс қойылды.        

Сабақтың  мақсаты: Қаншама   құрбандықпен     қол  жеткен   тәуелсіздігімізді   құрметтей,  қастерлей   білуге  тәрбиелеу,  Қазақстанның  келешегі  үшін  аянбай   күресуге, еңбек  етуге  тәрбиелеу. Патриоттық  тәрбие  беру

Дамытушылығы: Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету,  қызығушылықтарын дамыту.

«Қайсар  рухты  Қайрат»  атты  кітапханалық  кешіміздің көрермендеріне Желтоқсан   оқиғасының  құрбандары туралы, Қ.Рысқұлбековтың

өмірбаяны туралы, Тәуелсіздік  туралы  мағлұмат берілді.8 – сынып оқушыларының дайындаған  Желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескен  – Қ.Рысқұлбеков туралы көрінісі өте әсерлі болды. Ұлттық - патриоттық тәрбиелі мағына  алдық. 1986 жылғы оқиға халықтың

есінде мәңгі сақталады.      Көріністе Қайраттың  ролін сомдап актерлік шеберлігімен тән қылдырған 8 - сынып оқушысының   орындауы

жүректі елжірететіндей  өте  әсерлі болды. Көгімізде Тәуелсіздік туы желбіреді. Ер есімін ел ұмытпайды! 

                                                                              

 Өткізгендер: Аубакирова А.А. , Меркибекова Қ.Е .

Просмотров: 902


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст