ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ БАСТАМАСЫ
Биылғы жылғы Елбасы жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында жарияланды. Жолдауда еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін 10 негізгі бағыттарды айқындап берді. 100 нақты қадам - Ұлт жоспары жүзеге асырылып, 60 қадамының орындалғандығы жайлы айтып өтті. XXI ғасырда елімізде адамзат баласы
ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануда биіктерге көтерілгендігімізді айқындап беріп отыр. Еліміздің дамуына бірден-бір жол ашатын индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізуі басты жолға қойылған. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, инфрақұрылымның тимділігін арттырудың жолдарына нақты түсінік береді. Ең бастысы білім беру мен денсаулық
сақтау саласына айрықша көңіл бөлінгендігі бізді қуантты. Сонымен қатар үлкен сенім артып отырғандығын сезіндік. Ел болашағы - білімді ұрпақ қолында екендігі айқын көрініс тапқандай. Мектебімізде педагогтарды жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқыту, біліктіліктерін арттыру басты жолға қойылған. Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде дегендей, үштілділік мәселесіне де аса мән берудеміз, мұғалімдеріміз біліктілігін арттыру курстарында жан-жақты білім алуда. Кәсіби ағылшын тілін және пән бойынша біліктілігін арттыру курсынан информатика пәні мұғалімі Р.С. Магзумова, физика пәнінің мұғалімі А.Қ.Қалиева, химия пәнінің
мұғалімі Ш.Ж. Отарбаев, биология пәнінің мұғалімі Г. Кайсархан А1,А2 деңгейін өтті. Желілік қоғамдастықты дамыту мақсатында Елордамыздағы бірегей университет Еуразия Ұлттық университетімен тығыз байлапныс орнатылған. Мектебімізде қаңтар айында өткен аудандық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың семинары аясында Муратова Гүлнәр Ануарбекқызы (филология ғылымдарының докторы, профессор), Мамаева Гүлнәр Бейсенқызы (филология ғылымдарының кандидаты, доцент), Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің бас маманы Құрманғалиев Ілияс Рыспекұлының қатысуымен «Рухани жаңғыру: латын графикасы негізінде қазақ жазуына көшу» тақырыбында ғалымдармен кездесу өтті. Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық пән олимпиадасында мектебіміздің 15 оқушысы 8 пән бойынша қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қабдолла Гүлназ 3- орын иеленсе, 5 оқушы сертификаттармен марапатталды.
Елбасы бәсекеге қабілетті болу үшін цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерді видео
құрылғылармен жабдықтау қажет екендігін айтып өтті. Биылғы оқу жылында бірнеше мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша арнайы курстардан өтті. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша, ұзақ мерзімді курстарды А.С.Шантасов, Г.М.Сейілбекова, А.Т.Сейткарімова, М.Кенжебекова, С.С.Тілеуберді аяқтап, сертификат алды. Сонымен қатар тренерлік курсты А.А.Кайкенова, А.Жұмабай оқып келіп, мектепішілік мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру курсын ұйымдастыруда. Мектебімізде робототехника үйірмесін жүргізу үшін ұстаздарымыз Қ.М. Бимағанбетов. Б.Жарқынбек арнайы курстан өтіп келді.
Мектебіміз электрондық оқыту жүйесі «Kundelik.kz» жүйесіне толық қосылуына байланысты мектептің іс-қағаздары тұтастай электрондық жүйеге ауыстырылуда. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында мектеп ұстаздарына аудандық білім бөлімінен планшетпен қамтамасыз етілді.
Атап өтер бір жай, мұғалімдеріміздің көмекші құралы болар «BilimLand» ресурсы мектебіміздің мұғалімдерінің күнделікті көмекші құралына
айналды.
Мектебімізде жоспарлы түрде жаңартылған білім бағдарламасын жетілдіру мақстанды семинар, коучинг, дөңгелек үстелдер жоспарлы түрде
өткізіледі. Түйіндеп өтсем, мектебімізде Елбасы айтқандай, озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашатын жұмыстар атқарылуда.
Талапкер ауылы №3 орта мектебінің директоры, мәслихат депутаты Әбеева Сағымбала Хасенқызы