Адамзаттың асыл қасиеттері. Курманай Жанель, 8 «А» сынып оқушысы, Талапкер ауылы №3 орта мектеп
Адамзаттың асыл қасиеттері
Сен дүние есігін аштың... Енді өз өміріңді сүресің. Адамның өмірінің мәні – жақсы өмір сүріп, өзі өлсе де, ісі өлмейтін адам атану.Тереңге үңілсек, сенің байлығың қанша асып-тасып көл болып жатса да, сен өз рухани байлығыңды жоғалтпауың керек. Ішкі жан дүниең тар болса, кімге керексің? Кімге құрметті болмақсың?
Сонау заманда өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауи өз хикметтерінің бірінде айтқанындай адамды аздыратын қасиеттер – өркөкіректік пен менмендік. Ешқашан өзіңді басқалардан биік санама. Өйткені барлық адам бірдей. Ал адамды бір-бірінен оздыратын - адамгершілік қасиеттер. Үнемі адалдық пен жақсылықты мақсат ететін жандар өмірдің ең жақсысына, ең биігіне лайық. Адамзат атаулының асыл қасиеттері – ар, ұят, намыс, рақым, сабыр, адалдық және ақ ниет. Осы қасиеттер бойынан табылған адамдар әрқашан жақсылықты қолдайды. Олардың есімі өшпейді, себебі артында баршаға жасаған жақсылығы қалады. Бүршік атып, енді-енді көктеп келе жатқан бүгінгі жасөспірімдер бойына осындай адамгершілік дәні егілгенін қалаймын. Өйткені біз - болашақтың елшісіміз. Бұндай асыл қасиеттеріміз болмаса, хайуаннан қандай айырмашылығымыз болмақ?!
Курманай Жанель,
8 «А» сынып оқушысы,
Талапкер ауылы
№3 орта мектеп