"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты

12.09.2023

Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты
  «Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты Қазақстан халқы тілдер күні мерекесінің аясында жоспарланған  онкүндігінің  салтанатты ашылуын қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің жетекшілері бастады.Онкүндік ішінде өткізілетін іс шаралар мен сабақтан тысіс шаралар жоспарымен таныстырып өтті.
   Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Жоспарға сәйкес әр іс шара уақытылы өтіліп отыруын, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттайтыны туралы да ескертілді.. Сабақтан тыс ісшаралар,сайыстар,байқаулар. 
    Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Онкүндіктің ашылуында мектебіміздің оқушылары өлеңдерді мәнерлеп оқып, күй шертті.
Домбыра қазақтың қасиетті аспабы. Сол домбыра арқылы қазақтың «Балбырауым» күйін 8 сынып оқушысы Бараков Амир орындады. Тіл туралы,ана тілімізді құрметтеп, қадырлеуіміз керектігін айтып қана қоймай, өлең жырларда да ақындарымыз жырлайды әр кезде. Оқушылардың орындауында ана тіліміз-қазақ тілі туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді.

Просмотров: 1613


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст