"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

“ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2023” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

23.04.2023
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жылдық жоспарға сай «Үздік сынып жетекші - 2023» байқауы өтті.   2023 жылдың үздік сынып жетекшісін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған  8 мұғалім қатысып бақ сынады. Байқаудың негізгі мақсаты: Жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын, сыныппен белсене жұмыс жасайтын, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарды анықтау. Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Педагог портфолиосы», «Электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары», «Эссе», «Бейнероллик», «Қатысушының өз өнері» атты берілген тапсырмалардан жарысқа түсті. Байқауға үміткерлер белсене қатысып жүлдегерлер анықталды. Қазылардың шешімі бойынша: 3-орын: Қалибекова Сымбат Қанатовна, Амангельдина Еңлік Қанатқызы, Шарлез Ақмарал, 2- орын Такенова Аяжан Сабырбековна, Каюпова Сымбат Берікбайқызы, Аймаутова Алия Амангельдиевна, Оспанова Мархабат Егинбаевна, 1-орын Какенова Шолпан Чаймуратовна ие болды. 
 
Просмотров: 648


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст