"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» көрме ұйымдастырылды.

02.05.2023

Талапкер ауылы жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында «1-мамыр Қазақстан  халықтарының бірлігі  күніне» көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылардың  бірлік , ынтымақтастық  туралы түсініктерін  кеңейтіп, көп ұлтты  халқымыздың  тыныштығы  мен бірлігін  нығайтуға  ат салысатын  азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көрме суреттер

Қазақтың  байтақ даласы  бүгінде  130-дан артық  ұлт өкілдеріне  ортақ  отан болып тұр. Сол себепті  де 1- мамыр  халқымыздың  бірлігі күні болып есептеледі.

Қазақстан халқы үшін  ең ірі мерекелердің  бірі, ел ішіндегі  түрлі  ұлт  пен  дін өкілдерінің  бір-біріне  деген сый-құрметін  арттырып, татулықты, бірлікті ортақ құңдылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай  тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген  ел мерекелі  тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке  бастауы  бірлік, ел іші  тату  тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін  бұл мейрамның  орны ерек.  Бүгінде  «Достық» атты  бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық –мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпы халықтық мейрамда  дәстүр  мен салтқа  толы  түрлі  көріністер көрсетіледі. Бір шаңырақтың  астындағы  халқымыздың  достығы мен   өзара түсіністігі  одан әрі  жалғасып, еліміздегі  ұлт-аралық  татулық  әрдайым  берік болып, қашанда  ынтымақ бірлік  мәңгі жасай берсін! Біздің елімізде  қалыптасқан  ұлттар  тұтастығы  мен халықтар  достығының  арқасында  бүгінде  мемлекетіміз өркендеп, ілгері  басып келеді.

Ынтымақ, бірлік жарасқан

Мәңгілік ел Қазақстан!

  • WhatsApp Image 2023-05-02 at 10.17.42.jpeg
  • WhatsApp Image 2023-05-02 at 10.17.42.jpeg
  • WhatsApp Image 2023-05-02 at 10.17.42.jpeg
  • WhatsApp Image 2023-05-02 at 10.17.42.jpeg
  • WhatsApp Image 2023-05-02 at 10.17.42.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.05.2023 11:44
Құрылған күні: 02.05.2023 11:44

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст