"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Бұлақ көрсең, көзін аш

22.01.2020

18 қаңтар күні Нұр-сұлтан қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен дәстүрлі пәндік олимпиада болып өтті. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша мектебімізден 11 «А» сынып оқушысы Балтабаева Айзада қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Тіл маманы болуды мақсат еткен Айзада аудандық пәндік олимпиададан 1-орын иеленіп, облыстық қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні олимпиадасына қатысты.

Жан-жақты ізденгенді жаны сүйетін Айзада өткен жылы аудандық ғылыми жобалар сайысында «Ұлы даланың жеті қырының бірі – атқа міну мәдениеті» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын қорғап, облыстық сайыста көзге түсті. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызының жетекшілік етуімен алға қойған мақсатына адымдап жылжып келеді. Болашағынан зор үміт күттіретін Айзадаға алдағы сындардан сүрінбей өтуіне және армандаған мамандық иесі болуына тілектестік білдіреміз.

Просмотров: 706


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст