"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

семинар "ҒЫЛЫМИ ЖОБА: ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН РӘСІМДЕЛУІ"

07.04.2023

"ҒЫЛЫМИ ЖОБА: ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН РӘСІМДЕЛУІ"

 

         Шығармашылық зерттеу тобының ұйымдастыруымен "Ғылыми жоба: жазылу тәртібі мен рәсімделуі"  тақырыбында Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде практикалық семинар  өтті.  Семинардың мақсаты: Оқушыларға жобаның тақырыбын таңдауға және оны орындау жоспарын әзірлеудегі практикалық көмек көрсету; әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуде кәсіби кеңес беру.

Іс-шарада практикалық тапсырмаларды шешуде жаналық енгізетін, тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетін болу керектігі түсіндірілді. Семинарда жетекшілер мен оқушыларға ғылыми жобаны жазудағы кезеңдерді нақтылап берілді, яғни тақырыпты нақты бір обьект аясында шектелуі; зерттеу мәселелерінің маңыздылығы мен ерекшеліктері, тақырып бойынша әр түрлі көзқарастарды сипаттаумен оның бүгінгі таңда шешілу жолдары мен практикалық бөлімендегі зерттеу әдістерінің жиынтығын қолдану және  шығармашылық мүмкіндігін көрсете білуді айқындау екендігі баяндалды. Пайдаланған әдебиеттермен жұмыс жүргізу мен зерделеу жұмыстарына бағыт берілді.

Просмотров: 595


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст