"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Вирустық тұмаудан сақтанайық. 6 д- сынып. Иманбалина Г.Қ

 

 

 

Күні

 

 

 

 

03.02.2020

Тақырыбы

«Вирустық тұмаудан сақтанайық».

Мақсаты

1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру жолдарын ұстана білуге үйреті;

3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
 

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар тұмау туралы түсінеді

Оқушылар тұмаудың алдын алу туралы ережелермен танысады

 

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, плакат,кеспе қағаздары

Көрнекі құрал-жабдықтар

түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, интербелсенді тақта

 

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)

 

 

  • Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеу.

 

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

 

Топқа бөлу (5 мин)

 

Әр топ отырған парта ретімен бөлінеді

 

Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады

Кіріспе сөз

Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.

Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.
Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.
 

 

 

 

«Ассоциативті қатар»

 

Т

А

З

А

Л

Ы

Қ

Т - тазалық – денсаулық кепілі
А - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З - зарлымын деме, жанында жара болмаса
А - ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың досы – шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - отыр қолдан жұғады.
 

 

«Суретті сөйлет»

 

Плакат қорғау

 

Тұмаудың себептері

Тұмаудан сақтану жолы

Қорытынды

 

 

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демекші, әр адам уақытында денсаулығына мән беріп, нақты ережелерді сақтаса, тұмау ауруларының алдын алуға болады. Халық арасында тұмаулатпас үшін түрлі әдістер қолданылады: адамдар лимон мен бал қосылған шай ішеді немесе мұрынға қандай да бір бальзам жағу арқылы қорғанып жатады. Ал медицина ғылымында тұмауды алдын алудың 7 ережесі бар.

1. ЖРВИ-мен (жедел респираторлық-вирустық инфекциялар) ауырмаудың ең дұрыс жолы – вируспен алшақ болу. Ал мұндай вирустың көзі адамдар болып табылады. Яғни, вирустан алшақ болу үшін адамдармен, соның ішінде ауыратын адамдармен кездеспеуге тырысу және ауыратын адамдар жиналатын орындарға бармау керек. Ауырып жүрген адамдар ауруханаларда көп болады. Сондықтан тұмау мерзімінде балалар емханасына барудың қажеті жоқ. Балаға екпе салдыратын уақыт келсе де, тұмау мерзімінің басылғанын күтіңіз немесе сау балалар күнінде барыңыз. Әдетте, балалар емханасында бір күн сау балаларға арналады. Вируспен кездеспеймін деп адамдарды көрмей жүру мүмкін емес. Бірақ кішкентай баласы бар ата-ана тұмау мерзімінде адам көп орындарға артық бармауға тырысуы керек. Мысалы, қатты алыс жер болмаса, қоғамдық көлікке отырудың орнына жаяу жүру, ойын-сауық орталықтарына бармау, супермаркетке баланы өзіңізбен бірге апармау (егер күйеуіңізбен бірге шыққан болсаңыз, өзіңіз дүкенге кіріп, ал әкесі мен баласы дүкеннің айналасында серуендей тұрсын). Себебі таза ауада вирус жұқтыру мүмкін емес. Тіпті, далада адам толып жүрсе де, оның арасында ауырып жүрген адамдар болса да, таза ауада вирус жұқтырып алу қаупі өте төмен. Мысалы, ауладағы балалар алаңында балаңыздың еркін ойнап жүре беруіне болады.

2. Ауыратын адамды оқшаулау. Ауыратын адам үйде отыруы керек. Ол жөтелгенде түкірігі шашырап, ауаға инфекция тарайды. Сондықтан ауыратын адамға маска кигізу керек. Маска сау адамды қорғамайды. Масканы ауыратын адам киюі керек.

3. Ең басты ереже – бөлмені желдету. Бөлмені жиі желдету арқылы ауадағы вирус шоғырлануын азайта аламыз. Тек үйді желдетіп қана қоймай, бала баратын мекемелерді де қадағалаңыз. Мысалы, балаңыз балалар бақшасына немесе мектепке барса, баланы алып кетерде баладан және тәрбиешіден (мұғалімнен) бөлмені желдеткен-желдетпегенін сұраңыз. Егер желдетілмесе, ескерту жасаңыз. Бөлмені желдету кварцтаудан да тиімді екенін ұмытпаңыз.

 4. Мұрынды шаю. Біз бөлмедегі вирус мөлшерін азайтып қана қоймай, мұрын шырышты қабығындағы вирусты да азайта аламыз. Ол үшін тұз ерітіндісімен мұрынды жуып, тамақты шаю керек. Тұз ерітіндісінің дайын түрлері дәріханаларда сатылады. Ал үйден дайындау үшін 1 л қайнаған суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, оны бөлме температурасына дейін суытамыз. Сол ерітіндімен даладан кірген соң өзіңіздің және баланың тамағы мен мұрнын шаямыз. Балаңыз кішкентай болса, мұрнына тұз ерітіндісін тамызуға болады.

5. Қолды таза ұстау. Қол, әсіресе, ауру адамның қолы арқылы инфекция жылдам тарайды. Тұмауратқан адам бір минуттың ішінде қолымен аузы-мұрнын бірнеше рет ұстайды. Сондықтан қол алысу, есіктің тұтқасын ұстау – мұның барлығы инфекция таралуының бір жолы. Сол үшін әр нәрсені ұстай бермеуге тырысыңыз. Балаларды кішкентай кезінен аузын қолымен жауып емес, шынтақтың ішкі бүгілісіне жөтелуге үйрету керек. Бұл әдетті уақытында үйрету маңызды. Қолды жиі жуып тұрыңыз және үнемі өзіңізбен бірге зарарсыздандыратын спрей алып жүріңіз.

 6. Жергілікті иммунитетті қамтамасыз ету. Яғни, шырышты қабықтарды қорғау. Вирусты қанша жуып тастасақ та, шырышты қабық құрғап кетпей, ылғал болып тұруы керек. Әйтпесе, ол дұрыс жұмыс жасамайды. Жергілікті иммунитетті қамтамасыз етуге тыныс алатын ауа тікелей әсер етеді. Егер ауа құрғақ әрі жылы болса, жергілікті иммунитет болмайды деген сөз. Жылу қосатын мерзімде ауа қатты құрғайтындықтан, адамдар жиі ауырады. Сондықтан әр үйде ауа ылғалдандырғыш болуы керек.

 7. Екпе алу. Дәрігерлер ЖРВИ-ге қарсы екпе алуды ұсынады. Бірақ екпе тек бір вирусқа қарсы ғана болады. Барлық вирусқа қарсы тұратын бір екпе жоқ. Ал сіз вирустың қай түрімен ауыратыныңыз белгісіз.
 

 

Жауап береді

Рефлекция (5мин)

Денсаулық туралы мақалдармен аяқтау

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар:


Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст