"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сапттық жиын өтті.

15.01.2020

13.01.20 № 3 Талапкер орта мектебінде 7-11 сынптар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сапттық жиын өтті.

Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Бүгінгі күні  біздің  алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр оқушыларға құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында сапттық жиында көптеген мағлұматтар айтылды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде  сапттық жиында оқушыларға әр түрлі мағлұматтар таратылды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет. Саптық жиын өткізіліп оқушыларға толық мағлұматтар берілді.

Просмотров: 725


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст