Талапкер ауылы №3 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушыларымен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында қашықтан өткізілген тәрбие сағаты туралы ақпарат.
Талапкер ауылы №3 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушыларымен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында қашықтан өткізілген тәрбие сағаты туралы ақпарат.
Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы
Міндеттері:
Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
Тәрбие сағатын өткізу барысында сынып жетекшілер өмірде кездесетін түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу әр оқушының өз қолында екенін ескертті. Әр бала отбасында ата-ана берген тәрбие, мектепте ұстаздар берген білімді негізге алып, өмірдегі дұрыс жолды таба білуі керек. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер уақыт өткен сайын тереңдеп, айналадағы жандарға мейірімділікпен, жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен қарау – әр адамның міндеті. Сонда ғана өмірде тыныштық, татулық, жанға жайлы жайма шуақ өмір орнайды. Дұрыс жолға түсіп, қоғамға пайда әкелер оқушылар бүгінгі күннен бастап, білімді, еңбекқор, жанашыр болып өсулері керек. Алынған тақырып аясында арнайы дайындалған бейнероликтер, презентациялар арқылы оқушыларға терең ой тасталды.
Оқушылар білімдерін жетілдіріп, ой-пікірлерін ортаға салды. Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында бұл сабақтың тәрбиелік мәні зор болды.
Сынып жетекші: Байсеркеева Ж.Т.