"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Жасөспірім арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында 8 сыныптың оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.

02.02.2023

Талапкер ауылының ЖОББМ ақпанның 2-сі күні мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес «Жасөспірім арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу»  тақырыбында 8  сыныптың оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

   Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Құқықбұзушылық» сөзіне кластер жасап, оқушылар құқықбұзушылықтың түрлерімен танысып, аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет екені түсіндірілді..

Өткізген: Магзумова Р.С., Тлеуберді С.С., Мухамедгалиева Г.А.

 

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст