"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Имандылық - инабаттылық мейірімділік айнасы әлеміне»саяхат жүргізілді.

05.12.2022

Мақсаты:  Оқушылардың инабаттылық түсініктерін  кеңейте  түсу , тәрбиенің     қоғамдағы  маңыздылығы  мен пайдасы  туралы жаңалықтарымен  таныстыру.

Көрнекілігі :Қанатты сөздер , көрме

Имандылық-адамның қоғамдағы , күнделікті  өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі –бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани  реттеуіш  қадір –қасиет , адам бойындағы  адамгершілік , ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі  өсуі ,ержетуі ,  тіршілік етуі, қартаюы, ата мен  баланың  қарым-қатынасы, үлкендік  пен  кішілік , сыйластық , әдептілік  пен  арлылық ,инабаттылық тәрізді  маңызды  мәселелер  имандылықтың  маңызды құрамдас  бөлігі ретінде  ешқашан  да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі ,  үлкендердің  кішілерге  ізет білдіруі  өмір сүру салтына  айналған.

Иман сөзі «сенім» деген ұғымды  білдіреді. Имандылық  адамгершіліктің  биік мақсаттарын мінсіз  атқаруға үндейді. Қазақта  мынадай тілек бар. Қыздарға ибалы, инабатты болсын,    ұлдарға иманды , жүректі болсын, қайырымды болсын деген.

Инабаттылық  рәсімдері :қарапайымдылық , сыпайылық, тіл алғыштық, алалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты биязы  мінезді  қатардағы  қарапайым қамқоршы  адамды  халық  нағыз перзентім  деп үлгі  тұтады.                                                                    Бойына  адамгершілік  асыл қасиеттерді жинап өскен жасты  көргенді деп, жүрегінен  нұр өңінен жылу кетпейтін , әрдайым  жақсылық  жолын ойлайтын , әр істе  әділдік  көрсететін  адамдарды иманды  деп атаған.

«Түзу бастап ,ақ жолды кесе көрме  Иман тоның үстінен шеше көрме» -деп Жүсіп Баласағұн  айтқандай  Алла  жолында  түзу  жүріп ,  бойымыздан иманымыз кетпесін.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 05.12.2022 10:07
Құрылған күні: 05.12.2022 10:11

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст