"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР АЯСЫНДА ДЕБАТ ӨТКІЗІЛДІ

11.12.2022

Желтоқсан айының 7-і күні өткен аудандық тарих пәні мұғалімдерінің семинары аясында «Жалын» дебат клубының оқушылары «Ең жақсы өмір ауылда» деген тақырыпта дебат өткізді. Дебат басталмас бұрын оқушылар қазақтың қыршын кеткен қайсар қызы Мәншүк Мәметованың туғанына –     100 жыл толуына орай гүл қою рәсімін өткізіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар 10 «Ә» сынып оқушысы Азербай Амина «Мәншүктің монологын» өте әсерлі оқыды. Және 8-сынып оқушысы Әбілқайыр Ақерке қазақтың көңіл толқытар күйін күбірлетті. 
Дебатқа үкімет тарапынан 11 «Ә» сынып оқушысы Азербай Амина және 8 «В» сынып оқушысы Байбосынова Гульмира, ал оппозиция тарапынан 10 «А»  сынып оқушысы Совет Айсұлу және 10 «Б» сынып оқушысы Бекболат Арайлым қатысты. Үкімет және оппозиция топтары өз өнерлерін жақсы көрсетіп, тартысты пікірталас орнады. Ойынды тамашалаған аудан мұғалімдері оқушылардың сөз саптауын, ойнау шеберлігін жоғары бағалап, алғыстарын жеткізді.

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст