"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Күміс көмей әнші , Халық қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері Роза Бағлановаға 100 жыл» толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

19.04.2022

Талапкер  ауылы жалпы орта білім  беретін  мектеп кітапханасында   «Күміс көмей әнші , Халық қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері Роза Бағлановаға 100 жыл»  толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты :Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова    өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру.  Ұлтымыздың  вокалді оркестрінің қайраткерлер өмірі мен таныс болу . Музыкалық білімдерің  ән орындауға  дағдыландыру.

Роза апамыздың соғыс кезіндегі ерлер мен бірге қиындықты көрседе,әнімен көңілдерің жұбатқан. Қазақтың бұлбұл әншісін ұрпақтан-ұрпаққа паш  ету. Биыл – халқымыздың  бұлбұл әншісі, Қаз КСР және КСРО Халықәртісі, Халық  қаһарманы   Роза Бағланованың  туғанына 100 жыл. Өткен жылдың басында   Мемлекет басшысы  Қасым-ЖомартТоқаев оның  есімін мәңгі сақтау  үшін  шаралар қабылдауды тапсырды. Президен т   тапсырмасы былтыр  жүзеге асырыла  бастады.  Атап айтқанда, «Қазақконцерт» мемлекеттік  концерттік  ұйымы  мен  елордадағы көшелердің    біріне әйгілі  әншінің  аты берілді.  Тиісті  шаралар   осы жылы   да  жалғасатыны   анық. Ғасырлы мерейтойы ел   ғана емес,  әлемдік деңгейде атап өтіледі. Бұл шешім былтыр 23 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-сессиясының бас конференциясында қабылданды.

Оқырмандарғаарналған көрмеде : әсем даусымен жарты әлемді тамсандырып, 30-дан астам тілде ән салған ержүрек майдангер әнші, қазақтың бұлбұл қызы Роза Бағланова апамызжайлы сыр шертпекпіз.

Оқырмандарға  арналған көрмеде : әсем даусымен жарты әлемді тамсандырып, 30-дан астам тілде ән салған ержүрек майдангер әнші, қазақтың бұлбұл қызы Роза Бағланова апамыз  жайлы сыр шертпекпіз.

Роза Бағланова апамыз 1922жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы өңірінде  Тәжібай есімді азаматтың  отбасында  дүниеге келген. Ол кішкентайынан өнерге әуес болып өсті. Әжесі – Күндей мен анасы – Ақкүріштің айтқан «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнакөз», «Екі жирен» сынды әндері әншінің көкейінде мәңгіге жатталып қала берді. Әжесі тігіп берген кәмшат бөрік пен қамқа бешпетін киіп алып, әке-шешесімен бірге тойға да баратын. Халықтың алдыға шығып ән айтып, айнала билейтін. 

     Қаншама  жылдар өтіп кетсе де, Розаның апамыздың сол орындауындағы ән әлі күнге тыңдарманның есінде. Сол әндерден білетіндеріңіз болса еске салайық. Оқырмандар әнші апамыз туралы білетіндерін ойға салып пікір алысты.

       Роза апамыздың еңбегі қайдажүрсе де елеусіз қалмады. Жауынгерлік медальдар мен қатар, 1950 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1955 жылы Қазақстанның  Халықәртісі, 1967 жылы КСРО Халық әртісі атақтарына ие болды. 1982 жылыХалықтардостығы орденімен марапатталды

Халқына өлшеу сіз еңбек еткен майдангер әнші  1986 жылғы желтоқсанда қазақ  жастарының   рухани  тілекшісі бола білді. Әнші 1996 жылы  Халыққаһарманы атағына ие  болды. Бар ғұмырын әні мен халқына  арнаған  Роза Бағланова 2011 жылдың 8 қаңтарында мәңгілік   сапарға аттанды. Халқы барда Роза  апамыздың  есімі ешқашан ұмытылмақ емес...



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.04.2022 10:24
Құрылған күні: 19.04.2022 10:24

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст