"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Кітап және оның құрылымы. « Сөйлейтін мұқабалар»-кітапты өздігінше таңдау кітапханалық сабақ өтті.

05.12.2022

Мақсаты:  1. Оқушыларға кітаптың қоғамдағы  орнын ,барлық білімнің кітап  арқылы берілетіндігін  ұғындыру.

2.Оқушылардың  кітапты қадірлеуге  ұқыпты ұстауға  деген  сезімін  оята  отырып , кітап оқуға деген қызығушылығын  арттыру.

Кітап-араб  сөзі –жазба , ал түрікше дәптер ,  мерзімді   баспасөз  басылымы  дегенді білдіреді.

Кітап рухани қазына , байлық, өмір  айнасы , замана сыры,  тарих шежіресі , оқу тәрбие құралы. Кітап –барлық  заманда  да білім  қазынасының  ғажайып  қоймасы.

Кітап адам өміріндегі аса маңызды роль атқарады.Ол елді сүюге , талапты  ,кішіпейіл  болуға , мейірімділікке,төзімділлікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден  аулақ  болуға шақырады.

Кітап бізге ақыл-кеңес , тәлім тәрбие ,үлгі өнеге береді. Кітап жан серігін, ақылдасар, сырласар досың .

Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды  оқып білеміз.Ұлы тұлғалардың  бәрі де  ұлылыққа кітап оқу арқылы  жеткен.Адамға таптырмайтын  бірден –бір пайдалы дос –кітап . ешкімнің  мазасын  алмайтын  керек кезде  жаңынан  табылатын , қиналғанда  ақылшы болатын , үйреткен  ақылына  ақы сұрамайтын , жансарайынды  серпілтетін, көңіліңе  шабыт қоңдыратын , өзі  үн қатпаса да, өзінің  ішкі әлемімен  елітетін , дұрыс  таңдау  жасауға жол сілтейтін  әрі адамды  жалықтырмайтын  серік деуге  де болады.

Мұқаба дегеніміз –ол кітаптың сыртқы  беті. Ол кітапты  жыртылудан , кірленуден  қорғаумен кітапты әдемі етіп көрсетіп тұрады.Кітапты құмарту арқылы құлшыныспен  сүйсіне  көп оқыған  адамның  көкірек  көзі  әрқашанда  ояу, зейіні зерек , жүрісі  сергек  келеді .Бүгінде мектеп  оқушылары , жоғары  оқу  орындарының  студенттері, мемлекеттік қызметкерлер  қажеттің  бәрін  қолма-қол  интернеттен  алатыны  белгілі. Олар кітап дүкенінен , кітапханадан  кітаптар  іздеп , уақыт кетіргілері келмейді.Әдеби  кітаптардың  да электрондық  нұсқалары  да интернетте  пайда бола бастады . Қалай десек те ,кітаптың жөні бөлек . Ең бастысы –ой санаңды  өсіреді.Жақсыға үйретіп, жаманнан жиретеді. Бала денсаулығына  да зиянсыз.Демек , рухани құңдылықты ұрпақтың  бойына  дарытып , ойына  қондыра алсақ  ұмытылмас едік.

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст