"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мен кітаппен зейінімді ашамын.

19.04.2023

«Кітап білім бұлағы»

Кітапхана сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп,көп оқыған баланың,

Анық тағы, білімпаз боп шығары.

    Талапкер ауылының ЖОББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында апталық жоспар  бойынша «Мен кітаппен зейінімді ашамын» деген тақырыпта 1 сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында  саяхат жасалып, кітапханалық сабақ өтті.  

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі  білімнің пайдасы жайлы  түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.

    Кітапханашы Ибашева Гүлжан Бөріқызы кітапханаға келген 1- сынып оқырмандырын кітапхана ережелерімен таныстырып, кітапты күтіп ұстаудың жолдарын, кітапханадағы кітап сөрелеріне саяхат жасап, балаларға арналған әдебиеттермен таныстырды.

Кітапханада тақырыптық кітап сөрелерімен, ондағы  кітаптармен таныстырып сұрақ жауап ретінде сабақ өткізді. Ең алғашқы таныстыруы кітапхана төрінде орын алған Абай атамыздың суретімен, «Ұлылардың ұлысы -Абай» атты көрмеден бастады. Таныстыру кезінде төрде тұрған Абайдың кім екенін ,өмірі,шығармашылығы, туралы қысқаша мағлұмат беріп, атамыздың балаларға арналған өлеңдері оқылды. Басқа көрмелерді де қысқаша таныстырып, «Балаларға базарлық» , «Ертегілер әлемінде» көрмеге көбірек тоқталып, балаларға арналған әдебиеттерге , ертегілерге ,  қалаған  кітаптарын қолдарына алып, қызыға қарап, оларды ауыстырып әркім өз қалауынша пайдаланды десек те болады.

 Өздеріннің зейіндеріңді кітаппен ашу үшін, сүйікті кейіпкерлерің жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын бәрін осы кітапханадан табуға болатыны айтылды. Балалар сабағымыздың соңында білімнің атасы кітап екенін ,кітап сендерді оқуға, ел мен жерді сүюге , әр адамның өмірлік досы екенін білдік , сендерді де кітаппен дос болуға шақырамын.

           Мектеп кітапханшысы: А.Әубәкірова    

       

  • 2.jpg
  • 1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.04.2023 21:43
Құрылған күні: 19.04.2023 21:48

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст