"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектеп кітапханасында Совет Одағының батыры Мәншүк Маметованаың 100 жылдығына орай кітапханалық сабақ өтті.

28.09.2022

Талапкер  ауылы жалпы орта білім  беретін  мектеп кітапханасында Совет Одағының батыры Мәншүк Маметованаың 100 жылдығына орай кітапханалық сабақ өтті.

Мақсаты:

1. Мәншүк Маметованың өмір жолымен таныстырып, оқырманға мағлұмат беру

2. Соғыс жылдарындағы ерлігін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу

3. Совет Одағының атағы не үшін берілді оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Көрнекілігі:   «Мәншүк Маметоваға -100 жыл»  атты кітап көрмесі, «Ел есіндегі Мәншүк» Мәншүк апамыз туралы видео.

Мектептің кітапхана залында   Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханалық сағат өтті.

Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып  ондағы  Мәншүк Маметованың өмір жолдары. соғыстағы ерлігі, Совет Одағынының Батыры атағын алу туралы айтылды.

«Ел есіндегі Мәншүк»-атта видиео көрсетілді.

 Мәншүк, 1922 жылы 22 қазанда Орал облысының Жасқұс ауылында дүниеге келді. Балалық шағын Алматы қаласында өткізеді. Мектепті бітіріп, медициналық жұмысшы факультетке, ал кейін Алматының медициналық институтына оқуға түсіп, осымен бір мезгілде Республика Халық комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істейді. Мәншүк Мәметова Мәскеудегі шеруге барып, Қызыл алаңды, кесене мен Кремльдегі Спасск мұнарасын көріп қалсам деп , жазықсыз атылған әкесінің кегін алу мақсатында ,20 жасында ерлермен бірге ұрыс майданына аттанады. Басында ұрыс даласында жараланғандарды емдеп жарасын таңуына көмектесіп жүріп, пулемет атуды үйреніп алады. Сөйтіп жүріп ұрыс даласының шебіндегі үлкен шайқастарға қатысып дұшпандарға қарсы оқ атып бар атысты өзіне қарсы қойып,қаншама  жануынгерлер Мәншүктің арқасында тірі қалады.Жалғыз өзі 70-ге ш-жуық қарсыласты жойып жіберіп, кахарман ретінде қаза табады. 1944 жылы

КСРО Жоғары бұйрығымен Мәншүк Маметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Осындай ерлік көрсеткен апамыздың  Мәншүк Маметованың ерлігі мәңгі жадымызда.

 

 

Просмотров: 765


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст