Тәрбие сағаты: "Иманды ұл, инабатты қыз - өмір көркі". 7Ғ сыныбы. Жолаушина Г.Г.

   Күні: 07.12.2020ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

 "Иманды ұл, инабатты қыз - өмір көркі".

Сабақтын мақсаты:

 

Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын  

 білуге үйрету;

Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының    рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,  дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ибалы ұл, инабатты қыз - өмір көркі» атты тәрбие сағатымызды   бастаймыз.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

Халқымыздың ерте кезден - ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз.

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

 

 

Үй тапсырмасы

2 мин.

Иманды ұл, инабатты қызтақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.