"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері

05.09.2022

Талапкер жалпы білім беретін мектебінде 5—қыркүйек күні 7ғ сыныбында Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдығына орай тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов кемеңгер қоғам қайраткері! та0ырыбында тәрбие сағаты өтті.  

Сабақтың мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Сабақтың мақсатына жету үшін: Сабақтың басында мұғалім қысқаша А:Байтұрсынов туралы мәліметтер берді. А. Байтұрсынұлы 5 арыстың құрамына кіретінін айтылды: Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев. Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өту үшін, сыныптың оқушылары 3 топқа бөлініп,  мына тақырып аша білді:

1. Өмірбаяны

2. Қызмет жолы

3. Шығармашылығы. Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып А.Байтүрсынұлы туралы толық ақпарат дайындап, тақтаға шығып мәлімдеп берді.

Сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқталды.

Өткізген: Ахметова К. О

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст