“Туберкулез және короновирус туралы не білеміз” 9 "Ә" сынып. Қалиева А.К.

Күні:

27.10.2020

Сыныбы:

9 “Ә”

Тәрбие сағатының тақырыбы:

“Туберкулез және короновирус туралы  не білеміз”

Мақсаты:

А) Оқушыларға туберкулез және коронавирустың белгілері туралы ақпарат беру,алдын алу шаралары таныстыру

Ә) Туберкулездің және корона вирустің негізгі белгілері:

Б) Аурудың алдын алу үшін қандай дәрумендерді ішкен дұрыс?

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

ойталқы, пікірталас,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

бейнефильм, слайдтар.

Сынып  сағатының  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылармен  сәлемдесу.

Ой  шақыру:

Видеоролик  көрсету.  Сол  бойынша  оқушыларға  сұрақтар  қою.

 

Туберкулез дегеніміз не ?

Коронавирус деген не ?

 

 Мағынаны тану. 

Тақырыптық  слайд

Негізгі бөлім:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:

           Туберкулез (құрт ауруы) – (лат. тілінде Tuberkulum - төмпешік) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін.
Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы, Кох таяқшасын – белгілі неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылғы 24 наурызда ашқан. 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағы 24 наурызды ресми түрде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды.
Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. 

                Коронавирустың белгілері өткір респи­раторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін:

- Түшкіру

- Әлсіздік

- Бас ауру

- Дене қызуының көтерілуі

- Тамақтың жыбырлауы

- Кеуде қуысының ауыруы

- Жүрек қағысының жиілеуі

- Тыныс алудың жиілеуі

Туберкулездің негізгі белгілері:
1. салмағын жоғалту;
2. тершеңдік;
3. кеуде тұсының ауыруы;
4. қан түкіру;
5. жалпы әлсіздік және тез шаршау;
6. дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы.

Туберкулездің алдын алу шаралары
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді.
2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді.
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:

үйді тұрақты түрде желдету;
айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
 көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді; .
5.1% натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;.
Кох таяқшасы 60Стемпературада 20 минуттан кейін және70С температурада 5 минуттан кейін өледі;.
 науқас пайдаланған қағаз беторамалдарды міндетті түрде өртеу керек;.
 көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады. Сондай-ақ, туберкулез бактериялары жоғары температураға сезімтал келеді;.
 сонымен қатар, Кох таяқшасына хлор белсенді әсер етеді, сондықтан хлорамин ерітіндісін, хлорлы әкті зарарсыздандыру үшін жиі қолданады.

                 Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?

Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.

Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.

Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.

     Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?

Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін.

Коронавирус жұққан-жұқпағанын анықтайтын анализдерді қай жерде тапсыруға болады?

 

COVID-19 вирусын төмендегі мекенжайлар арқылы тапсыруға болады:

- Ұлттық сараптама орталығы

- Орталық республикалық зертхана

- Қалалық клиникалық инфекциялық ауру­хана

Қандай жағдайда коронавируске тест тапсыруға болады?

Ең алдымен, эпидемиологиялық ахуал қиындаған және вирус таралған елдерден келген азаматтар, сондай-ақ клиникалық белгілер анықталған және коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болғандар тест тапсырады. Басқа жағдайларда анализ тапсырудың қажеті жоқ.

Инфекция жұқтырған адаммен байланыста болғандар не істеуі керек?

Вирус жұқтырған адаммен қандай да бір байланыс болған жағдайда 1406 бірыңғай байланыс нөміріне, емханаға немесе жұқпалы ауру­лар ауруханасына хабарласу қажет.

Өзге мемлекеттерге барып келгендер не істеуі керек?

Коронавирус таралған елдерге барып келген азаматтар 1406 нөміріне қоңырау шалып, өзі жайлы мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар тіркелген емханасына, жұқпалы ауруларды қабылдайтын ауруханаға хабарласуға болады. Әрі қарай не істеу керектігін мамандардың өздері айтады.

Коронавирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері не істеуі керек?

Вирус жұқтырған адамның отбасы мүше­лері міндетті түрде анализ тапсыруы тиіс. Дәрігерлер тест нәтижесіне қарап оны ауруха­наға жатқызу немесе сырқат белгілері болмаған жағдайда үй жағдайында карантинге орналас­тыру жөнінде шешім қабылдайды.

Коронавирустан қалай емдейді?

Кез келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген тәсілдері бар. Нақтырақ айтқанда, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттар мен жеке гигиена талаптары қолданылады.

Коронавирус жұқтырғанда үйде емделуге бола ма?

Бұл әр адамның жеке жауапкершілігіне байланысты мәселе. Ауырған адам үй жағдайында каран­тинге жабылған жағдайда дәрігердің талап­тарын бұлжытпай орындауы тиіс. Карантинге жабылған азаматтардың ешқайда шығуына болмайды. Гигиена талаптарын сақтап, бетперде киіп жүрсе, жеке ыдыс-аяқ пайдаланса, қолын сабынмен жуып, зарарсыздандыратын құралдарды қолданса, бөлменің ауасын жиі жаңартып отырса – вирусты отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупі төмендейді

Қорытынды:

         Коронавирусті алдың алу үшін: ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.

Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.

Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.

Арнайы дәрумен қабылдаудың қажет жоқ. Қазір дұрыс тамақтанып, жеміс-көкөніс жеген дұрыс. Қоғамдық жерлерден тамақтанбай, үйдің тамағын жеу қажет.

        Туберкулезді алдын алу үшін:  уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі.