Берік отбасы – адамның сенімді тірегі
5-15 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Отбасы - бақыт мекені» республикалық онкүндік аясында мектебімізде 8-сынып оқушыларымен «Берік отбасы – адамның сенімді серігі» тақырыбында пікір-талас өткізілді. Ұйымдастырған сынып жетекшілер: А.Т.Сейткәрімова, А.К.Калиева, Г.Айхожаева, Ж.Т.Байсеркеева және Ж.Жангакова. Аталған іс-шараның мақсаты: оқушылар бойына мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін қалыптастырып, отбасына деген, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Пікір-талас барысында оқушыларға тақырыпқа сай бірнеше бейнероликтер ұсынылды. Оқушылар көрсетілген бейнероликтерге байланысты өз ойларын ортаға салып, пікір таластырды. 8 «А» сыныбынан Жәкен Айғаным, Курманай Жанель, Әлдікенова Маржан; 8 «Ә» сыныбынан Каналбеков Қуаныш; 8 «Б» сыныбынан Кожахметов Адилжан, Жанабаева Дания, Камариденов Диас, 8 «В» сыныбынан » сыныбынан Азербай Амина, Саржакова Жанна; 8 “Г” сыныбынан Жолтай Асылайым, Бақытханова Назеркелер белсене қатысып, отбасы жайлы түрлі мәселелерге тоқталып, көзқарастарын жеткізді. Қазіргі таңдағы елімізде кейбір жанұяларда орын алып жатқан келеңсіз жайттар туралы ойларымен бөлісіп, қиын жағдайларға жол бермеуге балалардың да септігі барын байқатты. Отбасы мүшелері арасында татулық, сыйластық, түсіністік, жанашырлық сияқты құндылықтар орын алғанда ғана шаңырақта жылулық пен махаббат салатанат құрып, берік отбасының іргесі қаланатыны жеткізілді. Пікір-талас соңында бірлескен оқушылар тобы «Отбасым - байлығым», «Берік отбасы – адамның сенімді серігі» тақырыбында постер қорғады. Іс-шара соңы «Перзент парызы» әнімен аяқталды.
Сынып жетекші Байсеркеева Ж.Т.