«Желтоқсан ызғары»
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. 1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.
Бүгін 5сыныптар арасында “Желтоқсан ызғары тақырыбында” өтті. Өткізудің басты мақсаты оқушыларды өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылар “Желтоқсан оқиғасы” туралы өз ойларын ортаға салды.Бір-біріне сұрақ қойды, пікірталас білдіріп ортақ ойларын ортаға салды.