"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - 2022»

03.06.2022

2022 жылдың 26 мамыры мен 17 маусымы аралығында Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 1-10 сыныптарында «Жазғы мектеп» ұйымдастырылды. 
Мақсаты: білім алушылардың өз білімдеріндегі кеткен олқылықтарын толықтыру, игерілмей қалған тақырыптарын үйренуіне мүмкіндік жасау және көңілді демалысты ұйымдастыру. 
Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Осыған орай біздің  мектепте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында және мектеп жанынан «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады. Бұл жазғы мектептің негізгі міндеті – білім беру, тәрбиелі ортада жаңа дағдыларды игеру,  баланың дамуына тұрақты психологиялық әсер ету.
Мектебімізде жазғы мектепке ата-аналардың өтініштері бойынша          130 оқушы тіркелді. Жазғы мектептің әр күні қызықты өтуде. Бір жыл бойы  оқыту барысында оқушылардың түсінбей қалған негізгі тақырыптары бойынша  сабақтар өткізіліп жатыр.   Бұл тұста балалардың жүрегінен орын таба білген пән мұғалімдерінің еңбегі зор.

Просмотров: 770


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст