"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Интеллектуалды ойын: «Н е? Қ а й д а? Қ а ш а н?»

02.05.2019

№3Талапкер Орта Мектебі

                                                                                                                                             Сыныптан тыс жұмыс: 8сынып

 

 

                                               Интеллектуалды ойын: «Н е?   Қ а й д а?   Қ а ш а н?» 

   

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту, ынтасын, қабілеттерін белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу. 
Түрі: Интеллектуалды ойын «Не? Қайда? Қашан?»
Көрнекілігі: презентация, слайдтар, ойынға қажетті әртүрлі заттар.
Сабақтың эпиграфы:  «Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» Р. Бекон.
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен  8- ші сынып Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Не? Қашан? Қайда?атты интеллектуалды ойынды бастаймыз.

Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

 1-кезең. Ұйымдастыру кезені. Ойынға қатысатын әр сыныптан бес оқушы таңдап алу,барлығы 15 бала. Топқа бөлу әдістер арқылы үш топқа бөлінеді. яғни сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берген балаларды таңдап стол басына отырғызу.

2-кезең. «Математикалық викторина»

1-сұрақ. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды.

                   Жауап Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті

2-сұрақ. 1 кБайт неше байт бар?

Жауап 1024 Байт .

3-сұрақ. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық?

                                                        Жауап Төртеу

4-сұрақ. Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында  бір қаз  және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз?

                                                        Жауап Үш қаз

5 сұрақ. Кемпір қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы. Неше тірі жан қалаға бара жатыр?

                                                        Жалғыз кемпір ғана

 

6-сұрақ. 188 санын екіге қалай бөлгенде  100 сандарын алуға болады.

Жауап ортасынан бүктеу керек

 3-кезең. « НЕ?   ҚАЙДА?  ҚАШАН?»

1.     Үнділіктер оны "сунья" деп атаған, ал араб математиктері "сифр". Қазір біз ол цифрды қалай атаймыз.

(Нөл)

 

2.     Дүниежүзілік ғалымдарға математикадан басқа ғылым салаларында қол жеткізген жетістіктері үшін берілетін сыйлықтың аты?

(Нобель)

 

3.     Бұл сөз латынның "екі рет" және "кесу" деген сөзінен құралған, яғни қазақшаға аударғанда мағынасы "екі бірдей бөлікке бөледі" деп аударылады. Не туралы сөз болып тұр.

(Биссектриса)

 

4.     Осыдан 5-10 жыл бұрын оларды 286-шы, 386-шы, 486-шы деп нөмірлейтін еді. Ал 586-шы нөмірден бастап оларға жаңа атау енгізілді. Ол не?

(пентиум)

 

5.     Бұл ұлы математиктің қабіріндегі құлпытасқа шардың және оған сырттай сызылған цилиндрдің суреті салынған. Осы сызулар бойынша 2 ғасырдан кейін әлгі кісінің қабірін анықталған болатын-ды. Бұл математик кім?

(Архимед)

 

6.     Бұрындары бұл терминнің аты болған жоқ-ты. Ол терминнің атын XVII ғасырда француз математигі  Франсуа Виет енгізді. Латыншадан аударғанда бұл сөз "доңғалақтың сымы" деп аударылады.

(радиус)

 

7.     Қара жәшікте жатқан зат грек тілінен аударғанда "ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген болатын, қазір бұл зат балаладрың ойындарында кеңінен пайдаланылады. Қара жәшікте жатқан не?

(Кубик)

 

8.     Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не?

(Гипотенуза)

 

9.     Венгриядағы осы нүктеден бастап арақашықтықты есептеу бекітілген. Будапештің дәл орталығында осы нүктеге байланысты ескерткіш қойылған.  Бұндай марапатқа ие болған кім немесе не?

(Нөл)

10.                       Рим елшісі Марцеллдің әскері Сиракуз қаласының түбінде көп кідірді. Оларды кідірткен өз қаласын жаулардан қорғауға ойлап шығарған ұлы оқымысты Архимедтің қуатты катапультті машиналары еді. Қара жәшікте осы күнге дейін тұрмыста қолданылатын Архимедтің тағы бір ойлап тапқан заты жатыр. Қара жәшікте жатқан не?

(Архимед винті, осы күнгі  еттурағыштада қолданылады)

 

11.                       Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті дүние жүзі болып шешуге көмектеседі. Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады.

(Интернет)

 

 

 4-кезең. – «Ойлы болсаң, озып көр!»

 Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі.

1-топ

 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

2-топ

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. Күн жылына неше рет шығады? (365)

3-топ

1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3-уі артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (103 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

 

5-кезең.   «Есепке кім жүйрік»

Енді «Есепке кім жүйрік? Сайысында берілген есептерді шығару керек.Әр топтан 1 оқушы кезекпен шығып шығарады.

1- тобына:

Теңдеуді шешіңдер:

2*(11х-5)-17х=55   Ж(13)

2-тобына:

Теңдеуді шешіңдер:

5*(8х+3)-12=83  Ж(2)

 

3- тобына:

3*(4х+13)-25=74   Ж(5)

6-кезең.  «Блиц-турнир»

Мұнда әр топқа 7 сұрақ оқылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

1-топ

1.Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

2.Бір сағатта неше минут бар?

3.Ең үлкен үш таңбалы санды ата.

4.Қосуға кері амалды ата.

5. 7 оңдық 0 бірліктен тұратын санды ата?

6.Қатар тұрған үш санның қосындысыда,көбейтіндісі де 6-ға тең.Ол қандай сан? (1,2,3).

7.6 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыр. (99)

2-топ

1.Қандай сан қалдықсыз бөлінеді? (0)

2.Бала тақтаға 86 санын жазып,жолдасына айтты ешқандай амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

3.Қандай санның дәрежесі сол санның өзіне тең? (1)

4.Екі жағы шектеулі түзу? (кесінді)

5. 1888 санын екіге бөл . Әр бөлігінде 1000 болатын болсын.

6. 4 пен 5-тің арасында қандай таңба қойғанда , 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)

7.Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (біреу)

  3-топ1

 1.Шаршы деген не ? ( барлық қабырғасы бірдей төртбұрыш)

2.Аптаның соңғы күні қалай аталады? (жексенбі)

3.Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

4. 9 оңдық 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)

5. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

6.Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал? ( транспортир)

7.Күн жылына неше рет шығады? (365рет)

 
7-кезең.  «Кім жылдам?
 

  1. Ең кіші жай сан?
  2. Егіз Ең сандар деп қандай сандарды айтады?

(айырмасы 2-ге тең жай сан мысалы 5 пен 7)

3.Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы

сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады? (18)

4. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларды қойып шық.

( *; +; *; /; таңбаларын пайдаланып)

а)       33333=1000           б)  44444444=500

Жауабы: (333*3+3/3=1000) (444+44+4+4+4=500)

7.Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам? (Парсы математигі аль-Хорезми 787-850)

8. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)

 

8-кезең.  Логикалық тапсырма

1.Айдос үйдің 6-шы қабатында тұрады, ал Жандос осы үйдің 3-ші қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса,Жандосқа дейін неше баспалдақ бар? (30)

2.Канаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды, ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды. Кімнің сөмкесі үлкен,кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанаттың сөмкесі кішкентай)

3.Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі)

4. Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ)

5.Үстелдің бір бұрышын кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

6. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар.Барлығы неше алма?

(Еменде алма өспейді)

7. 2 мен 3-тің арасында қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (,)

8.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4)

9. Үш қыз бір сыныпта оқиды.Мадина ,Медина,Молдір. Мадина Мединадан үлкен, Медина Молдірден үлкен.Сонда кім үлкен? (.Мадина)

11.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады? (11 сағат)

12. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

 

Қорытынды:    
Ойынымызды Н. Назарбаевтың сөзімен аяқтауым келеді «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілігіңізде»


Осымен«Н е?   Қ а й д а?   Қ а ш а н?»  ойын аяқталды

 Рефлесия


1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын.
2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.

Қорытындылай келе ең білгір, ең тапқыр ойыншы деп.............................. марапатталады.

Құрметті  оқушылар! Сіздерге рахмет айта отырып, көздеген мақсаттарыңа сүрінбей жетулеріңе тілектеспін.

Әр топтың қорытындысын шығару. Сөз әділқазы алқасына беріледі

Жеңімпаздарды мадақтау.

 

 Назарларыңызға рахмет! 

 

 

 

Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын


2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.


Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын


2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.


Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын


2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.


Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын


2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.


Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын


2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.


Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын


2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын


Рефлесия
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын
2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.
 

Бибакирова Р.Ш.

Просмотров: 780


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст