"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектеп кітапханасында «Асқақтай бер, тұғыры биік Қазақстан!» атты тақырыбында көрме арқылы кітапханалық сағат ұйымдастырылды.

14.12.2022

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Асқақтай бер, тұғыры биік Қазақстан!» атты тақырыбында көрме арқылы кітапханалық сағат  ұйымдастырылды.

Мақсаты; оқушыларды  отаншылдыққа , ұлтжандылыққа ,туған жеріңе, деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің  тарихын сыйлауға  үйрету,  патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі;кітаптар  ,суреттер, 

Оқырмандарды көрмемен таныстырылып : Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда  өзінің тәуелсіздігін  жариялап, дербес  мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі  көптеген  елдермен  достық қарым –қатынас  орнатқан әлемге  танымал  елге айналды.Қазақстанның  тұңғыш Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы  желбіреп , асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстан  күннен күнге жаңарып гүлденуде.

Тәуелсіздік –тәңірдің біздің ұрпаққа  берген  үлкен бақытты, халқымыздың  мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Сол тәуелсіздіктің арқасында елдің кеудесі қайта көтерілді, рухы қайта шалқыды. Алыс – жақын елдер атымыз бен затымызға қанықты.

Тәуелсіз қазақ елінің басты байлығы – бостандығын бағалады. Түйіндей келе ,біз ғасырлар бойы қаншама ұрпақтың   арманы болып өткен  тәуелсіздіктің .ұлттық  мемлекет  құру мұратының  жүзеге асқан  заманында  өмір сүріп отырмыз. Ендігі  күні іргетасы сапалы  қаланған  мемлекетіміздің шаңырағы  шайқалмай ,Тәуелсіздіктің  тұғырлы туы мәңгіге  желбірей асқақтай беретіне  күмән жоқ. Өйткені қазақ деп соғар  жүрегі бар әрбір алаш  баласының жұмылатын  тұсы,  ешбір тайсалмайтын  ісі де  осы Тәуелсіздік  болуы тиіс-деп  кітапханалық сағат кіріспе ретінде айтылып, көрмедегі кітаптармен таныстырылды. Ондағы кітаптар Желтоқсан оқиғасына түбегейлі байланысты екені айтылып, әңгіме болды: «Алматы 1986 Желтоқсан» , «Қарағайдың қарсы бұтағы», «1986-2016 Рух пен АР », «Тәуелсіздіктің ақ таңы» т.б. Тыңдаған оқырмандар желтоқсан туралы өздерінің ой пікірлерін ортаға салып, желтоқсан қайраткерлері, олардың ерлігі, отанға деген ар намысы, жан тәнімен көрсеткен батырлықтары туралы айтылып ,желтоқсан құрбандықтарын еске алумен қатар,  соңында оқырмандар желтоқсан туралы күйлерін орындап  сабағымызды аяқтадық.

Тәуелсіздік күні құтты болсын !

Тәуелсіз Қазақстанның алатын тұғыры әрқашан биікте болсын !

  • 1.png
  • 1.png


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.12.2022 11:30
Құрылған күні: 14.12.2022 11:39

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст