"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жылдық жоспарға сай «Үздік педагог - 2022» байқауы өтті.

04.04.2022

         “Ең басты мамандық – ол ұстаз.  «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ең басты маман ол - ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық маманды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Педагог мәртебесі – ұстаздардың өз қолында.

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жылдық жоспарға сай «Үздік педагог - 2022» байқауы өтті.   2022 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған 6 мұғалім қатысып бақ сынады.Байқаудың негізгі мақсаты: Жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарды анықтау. Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Педагог портфолиосы», «Электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары», «Эссе», «Бейнероллик», «Қатысушының өз өнері» атты берілген тапсырмалардан жарысқа түсті. Байқауға үміткерлер белсене қатысып жүлдегерлер анықталды.Қазылардың шешіміне сай, 3-орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі   Досанова Г.С., Кажибаева А.А., Какенова Ш.Ч. 2- орынды   орыс тілі пәні мұғалімі  Муажанова Б.С., 1-орынды   матиматика пәнінің мұғалімі  Байжұма С. жеңіп алды. Бас жүлдені тарих пәнінің мұғалімі Рахимов Е.Т. иеленді. 

Салтанатты іс-шараны мектеп директоры қорытындылап,  қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады. Байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп мектепішілік  «Үздік педагог - 2022» атағын жеңіп алған   тарих пәнінің мұғалімі  Рахимов Ермек Төлегенұлы аудандық кезеңге жолдама алды. Мектепішілік «Үздік педагог - 2022» байқауының жеңімпазы келесі аудандық кезеңде де шеберлігі мен біліктілігі танылып, жүлделі орын алуына тілектеспіз.

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст